Хабарландыру
Заманауи мектеп-лицей - баланың ересектермен және құрдастарымен кең өзара әрекеттесу тәжірибесін жинақтайтын орын
Сайт картасы
№70 мектеп-лицейОрал қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы алаңында ерекше шығармашылық күн болды.…

Жаңалықтар23.05.2026, 12:5420 рет қаралды

Бүгін мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы алаңында ерекше шығармашылық күн болды. Балалар шат-шадыман көңіл күймен шеберлік сабағына қатысты. Шебер-класты тәжірибелі жетекші өткізді. Ол балаларға сурет салу өнерінің қыр-сырын түсіндіріп, өз қиялдарын еркін білдіруге шабыт берді.

Балалар ақ қағаз бетіне көктемнің нышанына айналған – бақ бақ гүлінің бейнесін салып, бояулармен әрледі. Әр баланың туындысы өзінше ерекше әрі қайталанбас болды. Бірі нәзік, үлпілдеген гүл шоғырымен көз тартса, енді бірі ашық түстер арқылы көктемнің көңіл күйін жеткізе білді.

Бұл шығармашылық сағат балалардың қиялын ұштап, эстетикалық талғамын дамытты. Олар өнердің көмегімен табиғатпен сырласып, жаңа әсер алды. Шара соңында балалар бір-бірінің суреттерін қызыға тамашалап, қуанышты естеліктермен бөлісті.

“Күншуақтағы” осындай жылы әрі шабытты күндер балалар үшін ұзақ уақыт жадымызда сақталары сөзсіз.

Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Ақпарат

Барлық құқықтар қорғалған. Үлгіні немесе оның бөліктерін құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз көшіруге, өзгертуге және таратуға тыйым салынады.

Әзірлеуші - «IT Group Kazakhstan» ЖШС: Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған сайттар жасау. Сайт: itgroup.kz

Атауы: GOVSITE
Нұсқа: 0.28.1

Осындай сайт керек пе? Бізге қоңырау шалыңыз!