Хабарландыру
Заманауи мектеп-лицей - баланың ересектермен және құрдастарымен кең өзара әрекеттесу тәжірибесін жинақтайтын орын
Сайт картасы
№70 мектеп-лицейОрал қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін «Күншуақ» жазғы демалыс алаңында ерекше көңілді сәттердің бірі орын…

Жаңалықтар23.05.2026, 12:5626 рет қаралды

Бүгін «Күншуақ» жазғы демалыс алаңында ерекше көңілді сәттердің бірі орын алды. «Шаттық» тобы балаларға арналған дәмді әрі танымдық шеберлік сабағын ұйымдастырды – олар пицца пісірудің қыр-сырын үйретті

Балалар аспаздық қалпақтарын киіп, өздерін нағыз аспаз сияқты сезінді. Қамыр илеп, түрлі дәмдеуіштер мен көкөністерді қалауынша таңдап, әрқайсысы өз қолымен пицца жасады. Бұл үдеріс тек қызықты ғана емес, сонымен қатар балалардың шығармашылық қабілетін, ұқыптылығын дамытатын тамаша мүмкіндікке айналды.

Айналаны дәмді ас иісі мен қуанышты күлкі кернеп, шеберлік сабағы естен кетпес әсер сыйлады. Іс-шара соңында балалар өз қолдарымен дайындаған пиццаны дәмін көріп, тәтті сәттің ләззатын бірге бөлісті.

Осындай жарқын күндер – «Күншуақтағы» шаттықты шақтардың айғағы!

Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Ақпарат

Барлық құқықтар қорғалған. Үлгіні немесе оның бөліктерін құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз көшіруге, өзгертуге және таратуға тыйым салынады.

Әзірлеуші - «IT Group Kazakhstan» ЖШС: Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған сайттар жасау. Сайт: itgroup.kz

Атауы: GOVSITE
Нұсқа: 0.28.1

Осындай сайт керек пе? Бізге қоңырау шалыңыз!