Хабарландыру
Заманауи мектеп-лицей - баланың ересектермен және құрдастарымен кең өзара әрекеттесу тәжірибесін жинақтайтын орын
Сайт картасы
№70 мектеп-лицейОрал қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасында тәртіп пен жауапкершілік…

Жаңалықтар23.05.2026, 14:1821 рет қаралды

Құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасында тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында мектебіміздің мұғалімдері кешкі уақыттарда бірқатар тәрбиелік шаралар ұйымдастырды. Атап айтқанда, мектеп ауласындағы спорттық алаңда оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу үшін әртүрлі қызықты спорттық ойындар мен жарыстар өткізілді.

Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кешкі рейдтік жұмыстар жүргізілді. Бұл шара барысында мұғалімдер мен жауапты мамандар жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен тәртібіне назар аударып, түсіндірме әңгімелер өткізді.

Осындай жүйелі түрде ұйымдастырылған шаралар балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне, салауатты өмір салтын ұстануына және құқықтық сауаттылығының артуына оң ықпалын тигізуде.

images/it4/7/4.jpg

Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Ақпарат

Барлық құқықтар қорғалған. Үлгіні немесе оның бөліктерін құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз көшіруге, өзгертуге және таратуға тыйым салынады.

Әзірлеуші - «IT Group Kazakhstan» ЖШС: Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған сайттар жасау. Сайт: itgroup.kz

Атауы: GOVSITE
Нұсқа: 0.28.1

Осындай сайт керек пе? Бізге қоңырау шалыңыз!