Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектебіміздің 6 “А” сынып оқушылары тыл ардагері Ибраев Елубай атаны арнайы құттықтап барды. ?️Ибраев Елубай ата Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен “Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы” мерекелік медалімен марапатталды. Сонымен қатар оқушылар мерекелік өлең шумақтарын арнады.



