Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында мектебіміздің 1 “В” сынып оқушылары тыл ардагері Карпова Надежда Николаевнаны арнайы құттықтап барды. Кішкентай бүлдіршіндер ардагер әжейге жүрекжарды тілектерін білдіріп, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті. Бұл игі шара оқушылардың бойында үлкендерді құрметтеу мен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталды.



