Хабарландыру
Заманауи мектеп-лицей - баланың ересектермен және құрдастарымен кең өзара әрекеттесу тәжірибесін жинақтайтын орын
Сайт картасы
№70 мектеп-лицейОрал қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бала денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Бұл мәселеге

Жаңалықтар18.05.2026, 16:5035 рет қаралды

Бала денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Бұл мәселеге біздің мектепте ерекше көңіл бөлінеді. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына ықпалын тигізеді. Сол мақсатқа сәйкес 2025 жылдың 29 қаңтарында бракераж комиссия мүшелерімен бірге тексеріс жүргізілді.
Тексеру мақсаты: 2024-2025 оқу жылында асхананың тамақ дайындалуы ас мәзіріне сай болуын қадағалау, тағамның нормаға сай болуы, күнделікті асхана тазалығын тексеру. Асхана жұмыстарын тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы тексерілді. Ас мәзірінң дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігін, дайын тамақтың мөлшері, асхананың тазалығы, таңбасы бар өндірістік үстелдер және асхана ыдыстары тексерілді. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде қаралды. Тексеру барысында төмендегі жағдайлар анықталды:
– Тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру шарттары орындалған.
– Күнделікті мәзір перспективалық мәзірге сәйкес.
– Сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралық сақталған.
– Тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындаудың, сатудың және пайдаланудың болуы анықталмады.
– Асхана және ас үй ыдыстарының, асхана аспаптарының жай-күйі талапқа сай.
– Асхананы жуу және өңдеу үшін және ас үй ыдыстары үшін жеке жағдайлардың болуы, тазалау кестесінің болуы талапқа сай.
– Ас мәзірінің кестесі мектеп мөрімен бекітілген, тамақ салмағы көрсетілген.
Қорытындылай келе, комиссия мүшелері мектеп асханасының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы мен тамақ сапасы қанағаттанарлық деңгейде деген шешімге келді.

Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Ақпарат

Барлық құқықтар қорғалған. Үлгіні немесе оның бөліктерін құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз көшіруге, өзгертуге және таратуға тыйым салынады.

Әзірлеуші - «IT Group Kazakhstan» ЖШС: Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған сайттар жасау. Сайт: itgroup.kz

Атауы: GOVSITE
Нұсқа: 0.28.1

Осындай сайт керек пе? Бізге қоңырау шалыңыз!