Хабарландыру
Заманауи мектеп-лицей - баланың ересектермен және құрдастарымен кең өзара әрекеттесу тәжірибесін жинақтайтын орын
Сайт картасы
№70 мектеп-лицейОрал қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Бүгін «Күншуақ» жазғы демалыс алаңында ерекше қуаныш пен шаттық орнады.…

Жаңалықтар23.05.2026, 12:3821 рет қаралды

Бүгін «Күншуақ» жазғы демалыс алаңында ерекше қуаныш пен шаттық орнады. Қонаққа «Алақай» қуыршақ театры келіп, балаларға арнап «Дана Табиғат» атты ғажайып ертегісін тарту етті.
⠀
Ертегі табиғаттың сырын ұғындырып, балғын бүлдіршіндерді жақсылыққа, қамқорлыққа баулыды. Түрлі-түсті қуыршақтар мен әсерлі көріністер балалардың көңілін көтеріп, қиялын шарықтатты.
⠀
Кішкентай көрермендер күлкі мен қуанышқа бөленіп, әр кейіпкерге шын ықыласымен қол соқты. Ертегі соңында балалар табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың маңызын терең түсініп шықты.
⠀
«Алақай» театрына алғысымыз шексіз! Ертегі әлемі арқылы балалардың жүрегіне жылулық сыйлағаны үшін ризамыз.

Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Ақпарат

Барлық құқықтар қорғалған. Үлгіні немесе оның бөліктерін құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз көшіруге, өзгертуге және таратуға тыйым салынады.

Әзірлеуші - «IT Group Kazakhstan» ЖШС: Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған сайттар жасау. Сайт: itgroup.kz

Атауы: GOVSITE
Нұсқа: 0.28.1

Осындай сайт керек пе? Бізге қоңырау шалыңыз!