Хабарландыру
Заманауи мектеп-лицей - баланың ересектермен және құрдастарымен кең өзара әрекеттесу тәжірибесін жинақтайтын орын
Сайт картасы
№70 мектеп-лицейОрал қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

15 маусым – «Әкелер күні» қарсаңында «Күншуақ» жазғы алаңының тәрбиеленушісі…

Жаңалықтар23.05.2026, 14:1423 рет қаралды

15 маусым – Әкелер күні қарсаңында мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы алаңының тәрбиеленушісі Базарбай Батыр әкесіне деген ыстық ықыласын ерекше тәсілмен жеткізді. Ол өзінің әкесіне арналған жүрекжарды тілегін бейнебаян арқылы арнап, көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Бейнебаянда Батыр мен әкесінің бірге өткізген шуақты сәттері – саябақтағы серуен, үйдегі көңілді кештер мен әке мейіріміне толы естеліктер шебер өрнектелген. Әке мен баланың арасындағы сенім мен махаббатты бейнелеген бұл шағын туынды көрермендерді толқытпай қоймады.

Батырдың бейнебаяны – әкеге деген құрмет пен алғыстың шынайы үлгісі. Бұл бастама басқа балаларға да өнеге болып, отбасы құндылықтарының мәнін терең түсінуге жол ашары сөзсіз.

Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Ақпарат

Барлық құқықтар қорғалған. Үлгіні немесе оның бөліктерін құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз көшіруге, өзгертуге және таратуға тыйым салынады.

Әзірлеуші - «IT Group Kazakhstan» ЖШС: Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған сайттар жасау. Сайт: itgroup.kz

Атауы: GOVSITE
Нұсқа: 0.28.1

Осындай сайт керек пе? Бізге қоңырау шалыңыз!