Хабарландыру
Заманауи мектеп-лицей - баланың ересектермен және құрдастарымен кең өзара әрекеттесу тәжірибесін жинақтайтын орын
Сайт картасы
№70 мектеп-лицейОрал қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай бастауыш сыныптарда

Жаңалықтар23.05.2026, 12:0025 рет қаралды

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай бастауыш сыныптарда “Ұлы тұлғалардың аналары” тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – оқушыларға отбасының маңызын ұғындыру, аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін көрсету және ұлы тұлғалардың өмір жолы арқылы оқушыларға өнеге беру.

Сабақ барысында оқушылар қазақтың ұлы перзенттері – Абай Құнанбайұлы,Ыбырай Алтынсарин орыс халық жазушы ақыны Александр Сергеевич Пушкин және басқа да тарихи тұлғалардың аналары жайлы мәліметтермен танысты. Олар ұлы адамдардың қалыптасуына ана тәрбиесінің әсері зор болғанын түсінді.

Оқушылар ана туралы өлеңдер оқып, тақырыпқа сай суреттер салды Сабақтар жылы әрі тәрбиелік мәні зор ортада өтті.

Мұндай шаралар балалардың бойында отбасына, анаға, ата-анаға деген сүйіспеншілік пен құрметті арттырып, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

Барлық жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Ақпарат

Барлық құқықтар қорғалған. Үлгіні немесе оның бөліктерін құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз көшіруге, өзгертуге және таратуға тыйым салынады.

Әзірлеуші - «IT Group Kazakhstan» ЖШС: Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған сайттар жасау. Сайт: itgroup.kz

Атауы: GOVSITE
Нұсқа: 0.28.1

Осындай сайт керек пе? Бізге қоңырау шалыңыз!